Білім беру саласындағы "Жайлы мектеп" пилоттық жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған еді. Орта білім саласындағы бұл бастама бүгінде өзінің нәтижесін анық көрсетіп отыр деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жайлы мектеп" пилоттық жобасын әзірлеуді бұйырған. Жаңа жоба орта білім беру саласындағы үш негізгі мәселені шешуге бағытталған:
● апатты мектептерді жою;
● үш ауысымды оқытуды жою;
● оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда 369 орта білім беру нысанын салу жоспарланған еді. Олардың бірқатары бүгінде пайдалануға беріліп, балаларды оқытуды бастап та кеткен. BAQ.KZ тілшісі Астанадағы осындай мектептердің бірінде болып, жағдайын өз көзімен көріп қайтты.