Жауыздық немесе жауапсыздық: екі айда жол апатынан 17 бала өлді

4 Сәуір 2025, 21:55
2156
Бөлісу:
Жауыздық немесе жауапсыздық: екі айда жол апатынан 17 бала өлді
Фото: архив

Жыл басынан бері Қазақстанда жол апатынан 17 бала қаза тауып, 1500-ден астам кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 17 бала қаза тауып, 1500-ден астам адам зардап шекті. Жағдай тез арада шара қолдануды қажет етеді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 80-нен астам бағдаршам, 2000 жылдамдықты азайтқыш және 12 мыңнан астам жол белгілері орнатылды. Дегенмен, жол қауіпсіздігінің нашарлығынан қауіп төніп тұр, – деді Сұлтанбаев.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы жолдардың 88 пайызы қауіпсіз қозғалысқа жарамсыз деп есептелетінін айтты.

Еске салайық, Алматыда 2 сәуірде жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жасар қызды қағып кеткен болатын. 

Айта кетейік, оқиға куәгерлері мен желі қолданушылары адамдардың жалпы жауапсыздығынан, бейжайлығынан деп кінә тақты.

Келесі күні, 3 сәуірде Алматыдағы Байзақов көшесінде жеті жасар баланы көлік қағып кетті.

Өзгелердің жаңалығы