Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысы өтті.
Құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен қауымдастық президенті лауазымына Ермек Сағымбаев сайланды.
Сонымен қатар, қауымдастықтың бірінші вице-президенті лауазымына Мәлік Мурзалин және вице-президенттер болып Берік Құнанбаев, Серік Жарасбаев және Сәрсен Құранбек сайланды.
Жиналыс барысында қауымдастық қызметінің стратегиялық мақсаттары мен бағыттары анықталып, тиісті жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы 2019 жылдың басында құрылды. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 26 Федерация кіреді. Қауымдастықтың басты мақсаты - елімізде жауынгерлік өнерді дамыту, насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақты спортпен айналысуға тарту, сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрлерінің имиджін көтеру.
Ассоциация спорттың келесі түрлері бойынша жұмыс жүргізеді: каратэ, қоян-қолтық күрес, ММА аралас жекпе-жек, грэпплинг, джиу-джитсу, самбо, панкратион, у-шу, муай-тай, кикбоксинг, таэквандо, белбеу күресі, әмбебап күрес және жекпе-жектің басқа түрлері.