Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жауынгерлер Алеппо қаласының Шахба ауданындағы мешіт пен балабақшаға оқ атты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Алепподағы Шахба ауданында орналасқан ірі мешіттердің бірі "абу Ханифа" мешітіне шабуыл жасалды. Бүтін терезе қалмаған. Жауынгерлердің шабуылынан кейін жөндеу жүргізілген мешітті енді тағы жөндеу керек. Жауынгерлер оған минометтерден оқ атқан. Абырой болғанда, шабуыл кешкі намаздан кейін жасалған. Әдетте намаз уақытында мешіт ішінде 500-ден астам адам болатын, - делінген хабарламада.
Шабуыл болған кезде мешіт күзетшілері мен қайырымдылық қорының бірнеше адамы жертөлеге тамақ әзірлеуге түсіп кеткен. Олар тамақты кедейлерге таратады. Сондықтан жарылыстан олар аман қалды.
Осымен соңғы айда жауынгерлер бесінші рет мешітке шабуыл жасап тұр. Билік пен имамдардың шабуылды тоқтату туралы үндеуіне жаңа оқтармен жауап беріп келеді.
Сонымен қатар, жауынгерлер Шахба ауданындағы балабақшаға оқ атты. Балабақша қатты зардап шекпеген. Дегенмен, тәрбиешілер балабақшаны уақытша жабуды ұйғарды.