Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.</h4>

 23 Тамыз 2021 2021, 10:55
23 Тамыз 2021 2021, 10:55
1546

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай, бұршақ, екпінді жел тұрып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Республиканың барлық аймағында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжануда: батыста түнде 17...22, күндіз 32...39 жылы, солтүстікте түнде 13...18, күндіз 30...35 жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 11...17, күндіз 27...33 жылы, оңтүстікте түнде 15...22, күндіз 32...39 жылы.

Наверх