Жауапкершілік талап еткенде иелері ит-мысықтарын сыртқа лақтыра бастады - депутат

Бөлісу:
Жауапкершілік талап еткенде иелері ит-мысықтарын сыртқа лақтыра бастады - депутат
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңғыбас үй жануарларының не себепті көбейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен үй жануарларын чиптеу керек болды, яғни иелеріне жауапкершілік жүктеу үшін, соңында не болды? Статистика бойынша 28 мыңға жуық итті тіркеген, бір жылдан кейін олардың саны 4 мыңға дейін қысқарды, ал қазір 900-ге жуық. Демек иелері үй жануарларын көшеге лақтыра салады деген сөз, - деді депутат отырыста.

Жаңбыршиннің сөзінше, елімізде қаңғыбас иттердің саны артып келеді.

Біз иелерінен жауапкершілікті талап ете бастағанда, олар иттер мен мысықтарды сыртқа лақтыра бастады, ал олардың саны артып келеді. Сондықтан мұнда кемшін тұстар бар. Біз жауапкершілікті күшейтеміз және арттырамыз деп отырмыз, ал иелері оларды лақтырады, мұны статистика көрсетіп отыр. Сондықтан үй жануарларын чиптеу арқылы біз жауапкершілік мәселесін шеше алмаймыз, - деп толықтырды депутат.

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев қаңғыбас иттерді күтіп ұстауға бөлінетін ақша мен оқушыларға бөлінетін ақшаны салыстырғаны туралы жазғанбыз. Биыл 32 мыңнан астам адамды ит қауып алған.

Өзгелердің жаңалығы