Жауапкершілігі артады. Сарапшы әкімдердің сайлау жайлы айтты

5 Қараша 2023, 19:41
662
Бөлісу:
Жауапкершілігі артады. Сарапшы әкімдердің сайлау жайлы айтты

Парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Тулиндинова аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесі демократияға нық қадам екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2021 жылдың шілде айынан басталған конституциялық реформалардан кейін мәслихаттар депутаттарын сайлау аралас пропорционалды және мажоритарлық жүйеге көшті, биыл әкімдердің сайлауы өтіп жатыр. Сайып келгенде, бұл реформалардың мақсаты - жергілікті өзін-өзі басқаруды дербестендіру, әкімдер мен депутаттардың халық алдындағы жеке жауапкершілігін арттыру болып отыр, – деді спикер.

Сонымен қатар сарапшы саяси реформалар тиімділігінің маңызды көрсеткішінің бірі азаматтардың өздерінің пассивті сайлау құқықтарын жүзеге асыру екеніне тоқталды. Яғни, қазақстандықтар үшін өзін-өзі ұсыну және атқарушы және өкілді органдарға сайлана алады.

Өзгелердің жаңалығы