Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жатыр мойны обырының алдын алу: Астанада АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

18 Қараша 2025, 22:47
381
Бөлісу:
 Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 11-13 жас аралығындағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина егу жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау саласының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жатыр мойны обырының алдын алу: Астанада АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

ДДСҰ дерегінше, Қазақстанда күн сайын бес әйелге жатыр мойны обыры алғаш рет анықталады, ал тәулігіне екі әйел осы аурудан көз жұмады. Онкологиялық аурулардың ішінде бұл дерт сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр.

Елімізде 2024 жылдың қыркүйегінен бастап АҚШ-та өндірілген «Гардасил» төрт валентті вакцинасы қолданылып келеді. Ол АПВ-ның 6, 11, 16 және 18 типтерінен қорғайды. Мамандардың айтуынша, вирусқа қарсы нақты ем жоқ, сондықтан ең тиімді алдын алу тәсілі – вакцинация.

Астанада АПВ-ға қарсы егу жұмыстары 2024 жылдың 20 қыркүйегінде басталды.

2025 жылдың 10 айында:

  • бірінші дозаны 5572 қыз (қамту – 36,5%),
  • екінші дозаны 6925 қыз (қамту – 34,3%) алған.

СЭБД басшысы Айгүл Шағалтаева ата-аналарды вакцинацияның маңыздылығына назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, вирус жыныстық жолдан бөлек, тері мен шырышты қабаттар арқылы немесе босану кезінде де жұғуы мүмкін.

Вакцинация үшін ең тиімді жас – 9-14 жас. Бұл кезеңде иммундық жауап жоғары қалыптасады, – деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы