Жатақхана қирамады, студенттер аман - министрлік

23 Қаңтар 2024, 02:31
4025
Бөлісу:
Жатақхана қирамады, студенттер аман - министрлік

Алматыдағы студенттер жатақханасы қирамады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

ҚазҰУ жатақханаларында, соның ішінде №6 және 8 жатақханаларда қирап, құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әріптестер, Алматы қаласының студенттер жатақханаларында жағдай тұрақты. Университеттердің жатақханаларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Студенттер де дін аман. Жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз, - дейді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы