Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жасырын уағызшылардың желідегі "жарылысы" кімге қызмет етіп отыр?

17 Қыркүйек 2025, 19:01
448
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қызылорда қаласынды мәдениет және спорт мамандарымен кездесіп, «Жасырын уағызшылардың желідегі жарылысы» атты дәріс өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шараға жүзге жуық адамдар қатысты. Дәрістің мазмұны ақпараттық ресурс көздеріндегі деструктивті жат ағым өкілдерінің құрығында түспеудің маңыздылығы туралы болды. Сабақ барысында дәстүрлі дін дәріптеліп, төмендегідей ақпараттар берілді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер ақпарат алмасудың ең жылдам әрі кең таралған құралына айналды. Бірақ дәл осы цифрлық еркіндік шекарасыздыққа ұласып, қазір қоғам үшін үлкен қауіптің көзіне айналып отыр.

Соңғы жылдары Қазақстанда теріс бағыттағы діни идеялармен күрес мемлекет деңгейінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Арнайы қызметтердің мәліметінше, елімізде тыйым салынған ұйымдардың жақтастары әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы халықты, әсіресе жастарды өз қатарына  тартуға тырысып жүр.
Ақпараттық технологиялардың дамуы дінді танытуға да, бұрмалауға да бірдей мүмкіндік береді. Осы жағдайды радикалды топтар тиімді пайдаланып отыр.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың басты тактикасы – адамның эмоционалды әлсіз тұстарын нысанаға алу: жеке қиындықтар, өмірлік бағыттың болмауы, отбасындағы түсініспеушілік, әділетсіздік сезімі, қоғамнан шеттетілу – осы факторлардың барлығы интернеттегі «виртуалды уағызшылардың» аулауына түсудің алғышартына айналады.

Мұндай топтар адамдардың әлсіздігін сенімге айналдырып, оларды өз идеологияларының «құрбаны» етіп шығарады. Олар ешқандай мешітке тіркелмеген, ресми діни құрылыммен байланысы жоқ, заңсыз әрекет ететін топтар. 

 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бұл мәселе нақты қарастырылған:

  • 256-бап: Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру – 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
  • 174-бап: Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру – 2 жылдан 7 жылға дейінгі жаза.

Бір ғана «репост» немесе «лайк» сізді жоғарыдағы баптар аясында қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бұл – абайсыз әрекет емес, заң бұзушылық.
Қазіргі заманның қаупі – көзге көрінбейтін соғыста. Бұл – танкімен емес, «трендпен», қылышпен емес, “контентпен” жүретін соғыс. Ал ол соғыста жеңілмеудің жалғыз жолы – діни сауаттылық, ақпараттық иммунитет және заңға деген құрмет.

Өзгелердің жаңалығы