«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Қандай шаралар атқарылып жатыр?

15 Наурыз 2022, 14:06
3024
Бөлісу:
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Қандай шаралар атқарылып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы  Зұлфұхар Жолдасов хабарлады. 

Ведомство басшысы Президенттің  елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына ерекше назар аударуды тапсырғанын алға тартты. 

Бүгінгі таңда көпшілікті атмосфералық ауа мен стихиялық қоқыстар мәселесі алаңдатады. Осы проблемаларды шешу үшін министрлік бірқатар жүйелі шара қабылдап жатыр. Елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлердегі экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі жол карталары іске асырылды.  Атмосфералық ауаның сапасын қамтамасыз ету бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іс-шаралары іске қосылды, - деп атап өтті комитет төрағасы. 

Сонымен қатар ол өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне экологиялық реттеу мен бақылау жүргізіліп жатқанын айтты. 

Анықтамалықтар әзірленуде және өндірістік объектілерде ең озық қолжетімді технологиялар енгізіліп жатыр. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жол картасы, тарихи ластануларды жою, экологиялық шиеленіс ошақтарының картасы әзірленді. Экологиялық заңнаманы жетілдіреміз, - деді Зұлфұхар Жолдасов. 

Өзгелердің жаңалығы