«Жасыл мекен» челленджі аясында 187 мың көшет отырғызылды

13 Мамыр 2023, 17:10
1423
Бөлісу:
«Жасыл мекен» челленджі аясында 187 мың көшет отырғызылды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған экологиялық акцияға еліміздің жеті мыңнан астам орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ Оқу-ағарту министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары бар. 

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл мекен» республикалық челленджі Астана уақытымен сағат 12:00-де басталды. 

«Жасыл мекен» челленджі аясында 187 мың көшет отырғызылды

Ақмола облысының №1 Қоянды мектебінің оқушыларымен бірге көшет отырғызуға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты. 

ҚР Оқу-ағарту министрі республикалық іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, еңбекқорлыққа шақырды. 

Бұл челлендждің негізгі мақсаты – барлық Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды, ұстаздарды табиғатымызды аялауға, оны қорғауға және ең бастысы еңбекқорлыққа баулу. Көшет, жасыл-желек отырғызып біз еңбектенуді, туған жерге жанашыр болуды үйренеміз. Бұл дәстүрлі шараға ұласып, қоғам үшін үлгі болуы тиіс, - деді Ғани Бейсембаев. 

Айта кетейік, экологиялық мәдениетті дамыту мен туған өлкенің табиғатын аялауға негізделген челлендж аясында ел бойынша 187 мың көшет,150 мың гүл егілді. Іс-шараға 9,10 және 11 сыныптардан 750 мыңға жуық оқушы қатысты. 

Челленджге атсалысқан 25 мыңға жуык педагог жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, оларға үлгі көрсетті. Айта кетейік, экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтті.

Өзгелердің жаңалығы