«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

25 Қазан 2021, 16:51
4278
Бөлісу:
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Сондай-ақ ол «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын таныстырды.

Ведомство басшысының айтуынша, жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген.

«Ұлттық жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» атты төрт негізгі бағыттан және 11 тапсырмадан тұрады. Олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара қарастырылған. Жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерін арттыруға, ЖІӨ-ні 231 млрд теңгеге ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ұлттық жобаны іске асырудың арқасында 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, - деді Серікқали Брекешев. 

Сонымен қатар жоба халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Министр барлық бағытқа тоқталды. Мәселен, «Үнемді Қазақстан» бағыты аясында 401 арнаны қайта жаңарту және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су шығынын 4 шаршы шақырымға азайту жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы