"Жасыл ел": Жарты жылда елордада мыңнан аса жас жұмысқа орналасты

11 Тамыз 2020, 19:29
1504
Бөлісу:
"Жасыл ел": Жарты жылда елордада мыңнан аса жас жұмысқа орналасты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс барысында санитарлық талаптар қатаң сақталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жасыл Ел" жобасы аясында жастар 3 санат бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға жататын балалар, 17-22 жас аралығындағы колледж, ЖОО студенттер және үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.

652697d1441b72c355f9b7959182f643.jpg

Елорданың Жасыл белдеуінде 120-дан астам жас жұмыс істейді. Олар қала маңындағы тал мен көшеттерді – сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, теректерді қопсытумен және суарумен айналысады.

"Астана Орманы" ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақыға қоса "Жасыл ел" жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақыға ие болып, өз жұмысын жалғастыруда.

72fba52f48cf3c093a3a1d4e2a874475.jpg

Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде маскамен, қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, биыл елордада студенттік құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасағына 1200 жас қабылданды. Өткен жылы квота бойынша 975 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы