«Жасыл ел» бойынша 2100 алматылық студент жұмыспен қамтылмақ

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және «Pro bono» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» уақытша маусымдық жұмысқа орналасу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

28 Сәуір 2023 2023, 12:50
 Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы 28 Сәуір 2023 2023, 12:50
28 Сәуір 2023 2023, 12:50
871
Фото: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және «Pro bono» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» уақытша маусымдық жұмысқа орналасу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Жоспарға сәйкес, жоба бойынша Алматы қаласының 2100 студенті жаз бойы жұмыспен қамтылады.

Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігері мен күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өскелең ұрпаққа ұғындырып, жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырады. Уақыт өткен сайын жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттердің, жалпы жастардың қатары артып келеді, – дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шара барысында жобаның мақсаты, міндеті ммен ерекшеліктері де айтылды.

Наверх