Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттардың жұмыс істейтін жастарға берілген жалдамалы пәтерлерге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда олар мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген жалдамалы пәтерлерді жастарға сатып алу құқығын беруді ұсынған болатын. Қазір ол тек 5 жылға беріледі.
2019 жылдан бері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер беріліп келеді. Бұл бағдарламаның мақсаты - өз баспанасына қаражат жинауға мүмкіндік беру.
Қазіргі кезеңде Үкіметте жастарға жалдамалы пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, - деді Бозымбаев.
Бүгінде жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірқатар бағдарлама ұсынылып отыр. Атап айтқанда өңірлік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар, "Отау", "Наурыз", "7-20-25" бағдарламалары және т.б.
Оқи отырыңыз: