Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті.
ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасарв Еркін Үйсімбаев мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша бастамаларды жүзеге асыру маңызды екенін айтты.
Жастар – ел болашағы, жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдылықтарының бірі болып табылады.Осыған байланысты министрлік Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдарымен және "Қоғамдық келісім" КММ жұмысының бірыңғай тұжырымдамасын әзірледі. Онда Ассамблеяның барлық құрылымдарының жұмыс тәртібі, функционалдық басымдықтары мен қызметінің негізгі бағыттары баяндалған,-деді ол.
Үйсімбаев "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының қызметін белсенді және идеялық жастар ретінде ресурстық әлеуеті жоғары өңірлерде өз өкілдерінің кең желісіне ие ҚХА құрылымдық бөлімшесі ретінде жеке бағыт ретінде белгіленгенін айтты.
Оның айтуынша, министрлік жастар саясаты аясында бірқатар жұмыс аиқарып жатқанын айтты.
Қазіргі уақытта министрлік "Жарасым" республикалық жастар ұйымымен бірлесіп Қазақстан халқы ассамблеясының жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуде. Жоспар "Жаңғыру жолы" республикалық қозғалысының штабтарын өңірлік деңгейде күшейту, еліміздің жоғары оқу орындарының базасында "Жарасым" жастар клубтарының желісін құру, жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту, Қазақстан этностары арасында қазақ тілін танымал ету жөніндегі жұмыс, қайырымдылық іс-шараларын өткізу кешенін қамтиды,-деді Үйсімбаев.
Ол атағандай, осыған байланысты "Жарасым" республикалық жастар ұйымының базасында жастар көшбасшыларының, ҚХА мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің, танымал блогерлердің, еріктілердің, қайырымдылық ұйымдары өкілдерінің, журналистердің, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жас ұрпақты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша "Жалынды жастар" пікірталас алаңын құруды ұсынылды.
Бұл бастаманы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қолдады,-деді ол.
Айта кетейік, іс-шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша диалогтық сарапшылық алаң құру.Кездесу барысында 2021 жылға арналған жұмыс жоспары мен міндеттері талқыланды.