Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды

30 Мамыр 2022, 09:36
1313
Бөлісу:
Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Eurasian Resources Group компаниялар тобымен бірлесіп «Жастарды жұмысқа орналастыру» бірлескен жобасын іске қосты.

Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған.

Жоба аясында 2022 жылғы мамырдан бастап «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады.

«Enbek.kz» порталының басты бетінде  баннер орналасқан, оны басу арқылы жұмыс іздеушілер ERG тобындағы компаниялардың HR-қызметтері орналастырған бос жұмыс орындарының тізімімен таныса алады.

Жоба іске қосылғаннан бері әртүрлі мамандықтар бойынша 346 бос жұмыс орны орналастырылды. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.

ERG 28 жылдан бері табысты жұмыс тәжірибесі бар, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші компаниялардың қатарында. ERG құрамына «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Еуразия» Медициналық орталығы» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар кіреді.

Өзгелердің жаңалығы