Жастарды референдумда белсенділік танытуға шақырамын – СДУ студенті

26 Мамыр 2022, 02:28
1895
Бөлісу:
Жастарды референдумда белсенділік танытуға шақырамын – СДУ студенті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сүлейман Демирель атындағы университте студенттер референдумның маңыздылығын талқылады. Жиынға қатысқан жастар референдумның өткізілуін қолдайтынын айтты.

СДУ Әлеуметтік істер департамент директоры Ванкеев Шамиль референдум елімізді жаңа бағытқа өзгертудің тиімді жолы екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кеткені баршамызға мәлім. Өзгерісті тек басшымыз немесе үкімет басындағылар ғана енгізе алмайды. Оған баршамыз атсалысуымыз қажет. Қоғамның басты байлығы – адам. Референдум баршамыздың болашағымыз үшін ұйымдастырылып жатыр. Әрбір жас, мемлекетіміздің әр азаматы мен азаматшасы пікір білдіруге құқылы. Мемлекет басшысы елімізде болып жатқан соңғы ахуалдарға байланысты халық қалауларын ескере отырып, өзгерістер енгізуді бастап кеткенін көріп жатырмыз. Егер жаңа бағытқа өзгеруді қаласақ, рефендум соның алғашқы қадамы деп қарастыруымызға болады. Бұл – біз үшін жақсы мүмкіндік. Бүгінгі кездесуде жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары туралы айттық, – деді ол.

2 курс студенті Әсем Жоланованың айтуынша, жастар референдумның өтуіне атсалысуға дайын.

Бүгінгі талқылау барысында түсінгенім, бізге үлкен өзгеріс қажет. Біз тәуелсіз елде өмір сүреміз. Еліміздің өзгеруіне, дамуына қосар үлесіміздің зор болатынына сенімдімін. Біз өскелең елдің рухты жастары референдумды қолдап, басқаларға да насихаттайтын болсақ, жұмыла жүріп биік шыңдарды бағындырамыз. Жастарды референдум кезінде белсенділік танытуға шақырамын. Жаңа Қазақстанды бірге жасайық, – деді студент. 

Өзгелердің жаңалығы