Жастардың инновациялық жобаларына үлкен қолдау көрсетілмек – Рустам Кайрыев

23 Қаңтар 2019, 17:12
3503
Бөлісу:
Жастардың инновациялық жобаларына үлкен қолдау көрсетілмек – Рустам Кайрыев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жастар жылының ашылуына орай Астанада өткен форумында жастардың инновациялық жобаларына қолдау көрсетілетіндігі айтылды. Бұл өте қуанарлық жағдай. Бұл туралы «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» ҚБ-нің төрағасы Рустам Кайрыев Baq.kz агенттігінің тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.

Оның айтуынша, жастардың әр сала бойынша атқарып жатқан жұмысы ескерусіз қалмайды, өйткені мемлекет қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірген.

«Мұның барлығы қазіргі жастардың өнеркәсіп, маркетинг, стартап және басқа да салаға креативтілікпен қарауына жол ашады. Форум кезінде Тамира есімді қыз агроөнеркәсіп саласы бойынша өзінің жобасын ұсынып, Астананы алма ағаштарымен көгалдандыру бастамасын айтты. Оның бұл бастамасы бірден сол жерде қолдау тапқандығы жастарға жасап жатқан үлкен қамқорлықтың бірі деуге болады», -дейді Р.Кайрыев.

Сондай-ақ, ол бүгінгі форумның өзгешелігіне тоқталып өтті.

«Бұған дейін көбінде шығармашылық, спорт саласының адамдары сөз сөйлеп келсе, бүгін болашақ Қазақстанды дамыта түсетін саланың адамдары мінберге шықты. Олардың қатарында жас ғалымдар, өнертапқыштар, маркетологтар және тағы басқалары болды», - дейді ол.

Рустам Кайрыевтың айтуынша, қазіргі жастардың басты проблемасының бірі тұрғын мәселесі, алайда Президент оны да ескерусіз қалдырмаған.

«Бүгінгі жиында Елбасы жұмыс істеп жүрген жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету керектігін айтты. Яғни кез-келген жас маман жалға алған үйін уақыт өте келе сатып алатындай жағдай туғызбақ. Мұның барлығы жастар жылында жасалатын үлкен қолдау деп білемін. Сондай-ақ, Президент студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы да сөз қозғады. Бірінші кезекте қалалардағы Жоғары оқу орындарында қосымша жатақхана тұрғызылатынын, одан кейін колледждер үшін де салынатынын айтты. Барлығы 70 мың орынды жатақханалар салдынады. Бұл да мемлекет тарапынан жасалатын үлкен көмектің бірі», - дейді одақтың төрағасы.

Еске салсақ, бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті.

Әділет Мұсахаев

Өзгелердің жаңалығы