Астана, BAQ.KZ. «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Статегиялық бастамалар Институтының Аға сарапшысы Жанар Смакова өз ойымен бөлісті.
"Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы бастамасы күн тәртібінде жастардың өзекті мәселелерін жоғары бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп қана қоймай және оларды шешу үшін жаңа серпін алып келеді. Бұл білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастар кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ қазақстандық жас отбасыларының басқа да өзекті мәселелері" - дейді ол.
Сонымен қатар ол бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі жастарды сапалы және қолжетімді жоғары біліммен қамтамасыз ету екенін айтты.
"Қазақстандық жастар арасында сапалы білім беретін халықаралық деңгейдегі беделді жоғары оқу орындарына айтарлықтай сұраныс бар. Негізінен, оқу процесіне көрнекті шетелдік профессорларды тартатын ірі университеттер бүгінде Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған. Енді, Елбасының 2019 жылдың 23 қаңтарында «Жастар жылының» ашылу салтанатында айтылған бастамасының арқасында әрбір өңірде Назарбаев Университетінің стандарттары бойынша жұмыс істейтін мықты жоғары оқу орны құрылады. Осылайша, халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы білім берумен ауқымды қамту қамтамасыз етілетін болады" - дейді Жанар Смакова.
Сондай-ақ ол жастар мәселесінің негізгілерінің бірі жұмыспен қамту екенін атап өтті.
"Екінші ең өткір мәселелердің бірі жұмысқа орналасу мәселесі. Бұл мәселені шешу үшін елімізде ақы төленетін тәжірибе жұмыстары, жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі түрлі бағдарламалар сияқты бірқатар бастамалар іске асырылуда. «Жастар жылында» олардың тиімділігі мемлекеттік органдар тарапынан ерекше бақылауда болады" - дейді ол.
Оның айтуынша «Жастар жылы» аясында іске асырылатын іс-шаралар болашақта біздің экономикамыздың дамуына мультипликативті әсер ететді.
"Өйткені жоғарыда аталған екі мәселе – жоғары білім беру сапасын арттыру және жұмысқа орналастыру тетіктері – жастардың елден кетуінің басты себептері болып табылады. Бұл мәселелерді тиімді шешу жас ұрпақты жан-жақты қолдауға, оларды еліміздің ауқымды міндеттерін іске асыруға тиімді қосу үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік береді" - дейді Жанар Смакова.