Жастар жылы. Жас ғалымдар үшін жаңа гранттар бөлінбек

21 Ақпан 2019, 19:28
4238
Бөлісу:
Жастар жылы. Жас ғалымдар үшін жаңа гранттар бөлінбек

Астана, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті жас ғалымдарды қолдау мақсатында жаңа гранттық бағдарламаның тұсауын кесті. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа бағдарлама бойынша заң саласының 5 магистрі «Мемлекеттік құқық» және «Жеке құқық» бағдарламалары бойынша PHD докторантураcына тегін оқуға мүмкіндік беріледі. 

Сонымен қатар доктарантураға түскен жас ғалымдар 3 жыл бойы жатақхана тегін тұрады, әрі олар диссертациясын сәтті қорғаған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары заң мектебінің директоры Сергей Пен жаңа бағдарлама жастар жылы аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы «жас ғалымдарға өз идеяларын нақты жобаларға аударуға көмектесу керек» деп атап өтті. Президент жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінген гранттар санын 3 млрд теңгеге көбейтуді тапсырды. Біз өз тарапымыздан жастар жылына үлесімізді қоссақ дейміз. Қазір әлемнің заманауи университеттері білім беру қызметіне емес, ғылыми-зерттеу саласына баса мән беруде», - деді ол.

Оның пікірінше, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылық танытқан жас мамандарды қолдау маңызды екен.

«Бүгінде құқық тақырыбындағы ғылыми ақпараттың басым бөлігі өзге тілде. Сондықтан практикалық тәжірибесі бар, құқықтық болжам жасай алатын білікті де білімді ғалымдарды дайындау өте маңызды», - Сергей Пен.

Осы орайда Жоғары заң мектебінің директоры жас ғалымдарға жаңа гранттық бағдарламаның шарттарын түсіндірді.

«Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: ағылшын немесе неміс тілдерін білу, сапалы әрі негізді зерттеу тақырыбы мен бұрын жүргізілген нәтижелі зерттеу жұмысының болуы. Байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлердің құжаттарын байқау комиссиясы сырттай қарайды. Кейін жеке сұхбатқа шақырады. Конкурстың сырттай кезеңі 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін, үміткерлермен сұхбат 20 маусымға дейін өтеді», - деді ол.

Сөз соңында директор барлық құжаттар www.kazguu.kz ресми сайтындағы онлайн-форма толтыру арқылы жіберілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы