Жастар Жолдауды талқылады

4 Қыркүйек 2020, 22:06
2081
Бөлісу:
Жастар Жолдауды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А. Ораловтың төрағалығымен республикалық жастар ұйымдарының басшыларымен онлайн форматта кездесу өтті.

Кездесуде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, оған республикалық жастар ұйымдарының басшылары, жастар және отбасы істері комитетінің, сондай-ақ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.

Кездесуде жастарды қозғайтын мәселелер, оның ішінде «Отбасы банк» тетігі арқылы жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу, репродуктивті денсаулық, жастардың құмар ойындарына тәуелділіктің кең ауқымды алдын алу мәселелері және т. б. талқыланды.

Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының басшылары Жолдау аясында ұсыныстар мен жобалар жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы