Алматы, BAQ.KZ. Жаңа ұрпақ – позитивті ойлап, бір-біріне әрі айналасындағы жастарға көмектесуге дайын. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Jastar Alany қалалық жастар форумын өткіздік. Alаtau Creative Hub алаңында шығармашылық мамандық өкілдері, кәсіпкерлер мен спортшылар, еріктілер өздерінің жетістіктері туралы айтты. Көбісі дерлік бір кездері арман қуып, Алматыға келді. Үлкен қалада тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды, - деп жазды қала әкімі.
Оның айтуынша, жаңа ұрпақ – позитивті ойлап, бір-біріне әрі айналасындағы жастарға көмектесуге дайын. Олар Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келіп, жаңа бастамаларға батыл кірісуде.
Сонымен қатар ол жастардың бастамалары мен ұмтылысын қолдайтындарын жеткізді.
Алматы жастардың ұмтылысын қолдайды. Біз жаңа креативті кеңістіктер мен IT-хабтар құрамыз. Талантты жастарды баулудың бұл тетіктері мегаполисіміздің әлемдегі ең үздік 100 қала қатарына енуіне негіз болмақ, - деп жазды Б. Сағынтаев.
Оқи отырыңыз: