«Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өз жұмысын қорытындылады

20 Наурыз 2023, 17:05
674
Бөлісу:
«Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өз жұмысын қорытындылады
Фото: Elorda.info

«Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өз-өзін бір мандаттық жүйемен ұсынғандарды да, партия атынан ұсынылып отырғандарды да бөліп-жармай, бір ай көлемінде қолдады. Подкасттар түсіріліп, посттар жарияланды. Елордадағы Журналистер үйінде қолдау блогының қорытындысы туралы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

«Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы сайлау науқаны кезінде 100 астам кандидатты таныстырған. Баспасөз жиынында журналист Ерқанат Көпжасарұлы блог қызметі туралы қысқаша айтып өтті.  

Блок 20 ақпанда Алматы қаласында құрылды. Жастардың Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдігі 30 пайыз квотаны жабу үшін ғана емес, жас кандидаттарға қолдау көрсету идеясы бізді алға тартты. Бүгінгі таңда 100-ден астам жасқа қолдау көрсетілді. Ең бастысы, біз оларды партиялар немесе салалар бойынша бөлмей, барлық жүгінген кандидаттарға көмектестік. Әрине, біздің аудиториямыз бар болғандықтан, негізінен әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау көрсетілді, - деп атап өтті ол.

«Жастар үні» бастамашыларының бірі Ақбөпе Тәңірберген  өз сөзінде партиялық тізімдерде жас кандидаттардың өкілдігі туралы статистиканы келтірді. 

Кеше біз де барлығымен бірге алаңдап, атқарылған жұмыстың көрінісі болады ма екен деп, нәтижелерді күттік. «Жастар үні» партияға қатыстылығына қарамастан өтініш білдіргендердің барлығына қолдау көрсетті. Алайда біз өзіміз үшін партиялық тізімдерде жас кандидаттардың ұсынылуы бойынша статистика жасадық. Мысалы, 19 адамның ішінен 1 жас кандидат Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия тізімінде, «Ақ жол» - 54 адамның 6-сы, «Байтақ» - 18-ден 1-і, «Республика» - 25-тен 5-і, Amanat - 90-нан 17-сі, «Халық партиясы» 52-ден 3-ін ұсынды, «Ауыл» партиясы - 25-тен 9-ы. Көрсеткіштер бар, енді біз бұл жас үміткерлердің Еxit poll-дың соңғы нәтижелеріне сәйкес тізімге енгізілуі бойынша бақылаймыз, - деді ол.

«Хабар» телеарнасының жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтты. 

Қазір біз хаттамаларды тексеріп, партиялық тізімдердің жариялануын күтіп отырмыз. Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өткім келеді, өйткені оларды жас сайлаушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары қолдайды. Олар шынымен де Парламентке жаңашылдық әкелетініне және заң шығарушы органдарды «оята алатынына» сенімдіміз, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы