Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы филолог, алаштанушы Дихан Қамзабеков «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 16 сағаттық онлайн марафонда айтты.
Жастар – жаңашылдықтың символы. Жастардың бүгінгі күні жаңаруды референдум арқылы рәсімдеуге белсенділігін ерекше байқап отырмыз. Оның әр жақ, бер жағында ауқымды жұмыс атқарылды. Жастардың жаңа Қазақстанды қалай көрсете аламыз? деген ойлары көкейінде жүреді. Оның нәтижесі болса дейміз. Нәтиже оқу мен еңбекпен, белсенділікпен келеді. Жастар соны түсінеді, - деді ол.
Қамзабекұлы жастар жаңашылдықпен қатар рухтың да басы екенін айтты.
Классикалық еңбектердің барлығында қаламгерлер жас кезінде жастарға сену туралы айтқан. Қазір елдікке, шығармашылыққа үлес қосып жүрген жастар көп. Біз олардың шығармашылығына тек табыс тілейміз, - деді Дихан Қамзабекұлы.
Айта кетейік,Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум болып жатыр. Дауыс беру 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.