Жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізілді

20 Қаңтар 2023, 12:35
1564
Бөлісу:
Жастар саясаты туралы заңға  өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар жылы аясында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген болатын. Сонымен қатар, 15 қаңтар 2021 жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы жастарға байланысты ұсыныстарды нақтылаған еді. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров енгізілетін өзгерістер туралы айтты.

«Ең алдымен жастарды дамыту индексі енгізілуде. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы қалыптастыратын жастарды дамытудың жаһандық индексінің қазақстандық нұсқасы. Негізгі мақсаты ұлттық және өңірлік деңгейлердегі жастардың даму деңгейін бағалау және жастарға қатысты мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің сапасын арттыру үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.  Сондай-ақ жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды көздейтін жобаларымыз да бар. Жастардың  жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс, уақытша жұмыс жасамайтын бөлігі енді  білім беру ұйымдарында оқымайды немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейді. Бұл ұғым алғаш рет «NEET санатындағы жастар» енгізілуде»,-деп атап өтті ол.

 Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде NEET санатындағы жастардың деректер базасын қалыптастырылатын болады дейді.

«Деректер базасына 4 кіші топты қосу жоспарлануда. Олар:

1. Жұмыссыз жастар (оқуды аяқтаған колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткеруді аяқтаған жастар);

2. Өнімді қызметке қабілетті, мүмкіндігі шектеулі адамдар;

3. Белсенді емес жастар (алкогольге және есірткіге тәуелділіктен задап шегетін, созылмалы аурудан зардап шегетін және тиісті оңалтудан өтіп жүрген жастар, жұмыс мен оқу іздеумен айналысып жатпаған жастар);

4. Үй шаруасымен айналысатын жастар (өз туыстарына үй шаруашылығында көмектесетін жастар, үй шаруасындағы әйелдер, оның ішінде көп балалы аналар мен жалғыз басты аналар).

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде аумақтарды дамыту бағдарламаларына NEET санатындағы жастармен жұмыс бойынша нақты индикаторлар, бағалау критерийлері және күтілетін нәтижелер енгізілетін болады»,-деді вице-министр.

Сонымен қатар, жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірленуде. Жоғарыда аталған бұйрықтарды бекіту ақпан айына жоспарланғанын айтады.

Өзгелердің жаңалығы