Бүгіннен бастап жастар саясаты туралы заңға енгізілген толықтырулар ресми түрде күшіне енді. Бұл туралы Дархан Қыдырәлі әлеуметтік жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ
Естеріңізде болса, Президент былтыр 26 желтоқсанда заңға қол қойған еді. Ережеге сай, заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, - деді ол.
Оның айтуынша жаңа заңның барлық нормасы бүгіннен бастап жұмыс істейді.
Соған сәйкес бұдан былай Қазақстандағы 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Бұл дегеніңіз елімізде жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға көбейді деген сөз. Ендеше мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көретін жастар саны да артады.
Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып отырған реформалардың бір көрінісі екені анық, - деді ол.