Тоқаев: Жастар – реформалардың негізгі қозғаушы күші

6 Маусым 2019, 18:41
2946
Бөлісу:
Тоқаев: Жастар – реформалардың негізгі қозғаушы күші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды тартуды қолға алатынын айтты.

"Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші" - деді Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше елдегі Қазақстан Рсепубликасының Елшілері ауысқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы