Жастар қала тазалығына жауапты әйелдерді мерекемен құттықтады

8 Наурыз 2022, 10:28
1572
Бөлісу:
Жастар қала тазалығына жауапты әйелдерді мерекемен құттықтады
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері облыс орталығының тазалығына жауапты әйелдерді халықаралық мерекемен құттықтады. Жылы лебіздерін білдіріп қана қоймай, қала тазалығана жауапты әйелдердің орнына жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Павлодар қаласын қар мен қоқыстан тазалауға 100-ге жуық жұмысшы шығады. Олардың 30%-ы әйелдер. Сала мамандарының айтуынша, нәзік жанды жұмысшылар еңбектеріне асқан жауапкершілікпен қарап, ерлермен бірдеу жұмыс істейді. 

Жастар қала тазалығына жауапты әйелдерді мерекемен құттықтады

Белсенділер жұмысшылардың таңғы ауысымына келіп, әйелдерге тосынсый жасады. Гүл шоқтарын сыйлап, үйлеріне қайтарып жіберді. Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің сарбаздары шағын концерт дайындап, музыкалық сәлемдемелерін жолдады.

Далада қолға күрек ұстаған жұмысшымыз. Ал үйде ана, апамыз. Бүгін жастар бізге тарту жасап, көңілімізді аулады. Күтпеген жағдай болды. Енді үйге барып, шаруаларыммен айналысамын. Жұмысымыз әдетте таңғы сегізден кешкі алтыға дейін жалғасады. Қар жауса, жұмыс көбейеді. Өзім коммуанлық кәсіпорында екі жылдай уақыт жұмыс істеп жатырмын. Бұған дейін көңіл бөліп, осылай құттықтаған адамдар болмап еді, - дейді жұмысшы Айман Асанова. 

Жастар қала тазалығына жауапты әйелдерді мерекемен құттықтады

Шара ұйымдастырушы, «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпованың айтуынша, аптап ыстық пен қатты аязға шыдаған әйелдерге көңіл бөліп, сый-құрмет көрсеткен маңызды.

Осы азаматшалар болмаса, қаламыз тап-таза болмас еді. Былтыр алғаш рет құттықтаған едік. Енді дәсүрге айналдырып отырмыз. Біздің қыз-жігіттер бір күн бойы облыс орталығын қардан тазалайды. Ұсыныс айтқанда, қуана-қуана келісті. Ал әйелдер үйлеріне барып, бір күн демалады, - дейді Санира Жүсіпова. 

Жастар қала тазалығына жауапты әйелдерді мерекемен құттықтады

Жас буын өкілдері  әйелдер қауымын құттықтауды өзге бірлестіктер де дәстүрге айналдырады деген сенімде. 

Өзгелердің жаңалығы