Жастар мемлекеттік қызметке тек мансабы үшін бармауы керек - «Жастар Рухының» төрағасы

20 Шілде 2022, 17:15
2155
Бөлісу:
Жастар мемлекеттік қызметке тек мансабы үшін бармауы керек  - «Жастар Рухының» төрағасы
Фото: Радмир Фахрутдинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев  мемлекеттік қызметке қандай жастар келу керек екенін айтты.

Ол өзінің жеке пікірінде, мемлекеттік қызметке келем деген әрбір адамның бойында патриоттық сезімі болуы қажет дейді.

Әрине, мемлекеттік қызметке жастарды тарту маңызды. Алайда қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратпен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған негізгі жұмысында шынайы елі мен жері үшін қызмет еткісі келетін патриот азаматтар қажет деп есептеледі. Мемлекеттік жұмысқа келетін жастар тек мансап немесе басқа да қажеттіліктері үшін келмеуі керек. Егерде олардың бойынша қандай да рухани не моральді қасиеттері болмаса онда бұл құрдымға апаратын жол деп есептеймін, - деді «Жастар Рухының» төрағасы.  

Сондай-ақ Нұржан Жетпісбаев ел жастарын әскери қызметке қызғушылығын арттыру үшін не жасалып жатқанын атап өтті.

Біз үшін жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мен әскери қызметті тартымды ету аса маңызды. Сондықтан біз бірнеше жобаны іске қостық. Жыл басында «Qaisar» жобасын бастадық. Бұл жобалардың негізгі мақсаты - елімізде елім-жерім деген отаншылдық қасиеттері тұнып тұрған азаматтарды жастармен кездестіріп, еліміздің әскери жағдайы мен әл-ауқатын көрсету. Сондай-ақ әскер болу мен әскери рухтың маңыздылығы туралы түсіндіру. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табады. Әскери бөлімшелердің гарнизондарында тұрақты негізде «Сарбаз болғым келеді» ашық есік күндері өтеді. Іс-шаралар еліміздің әр өңірі мен ауылдық және аудандық жерлерінде өткізіледі, - деді спикер «AMANAT» партиясының  «Жастар Рухы» жастар қанаты жаңа жобалары туралы іс-шарада. 

Өзгелердің жаңалығы