Жастар мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық жағдайды пайдалана білуі керек – Игорь Ли

24 Қаңтар 2019, 14:24
4357
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жастардың өз қарым-қабілетін толықтай іске асыруына бар жағдай жасалған. Бұл туралы Қазақстан кәрістері қауымдастығының вице-президенті Игорь Ли пікір білдіру кезінде айтты.

Игорь кеше Елбасының қатысуымен болған Жастар жылының ресим ашылуын бастан-аяқ көріп шыққанын және онда еліміздегі жастардың барлығы қамтылғанын жеткізді.

«Қазір жастар үшін үлкен реформалар жасалуда. Мәселен, бизнеспен айналысатын жастар, агроөнеркәсіп саласындағы және отбасылы жастардың барлығының дамуы үшін қажетті жағдай жасалып жатқандығын және әлі де жасала беретінін Президент айтты. Бұған қарап қазіргі таңдағы Елбасы басқарып отырған саясат дұрыс бағытта екенін көреміз. Сондықтан жастардың қандайда бір жобаны іске асыра алмай отырмыз деп шағымдануға қақысы жоқ. Қазір жастардың өз қарым-қабілетін толықтай іске асыруына бар жағдай жасалған. Тек соларды пайдалана білу керек», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол жиын барысында Президент жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жағын тағы да көтергеніне тоқталды.

«Бұл бүгін ғана көтеріліп отырған мәселе емес, мемлекет еліміздің тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жолында көптеген істер атқаруда. Соның бірі – былтыр ғана іске қосылған 7-20-25 бағдарламасы. Мен өзім осы бағдарламаның арқасында баспаналы болуды жоспарлап отырмын. Бұл бағдарлама отбасылы және жұмыс істейтін барлық жастарға өте тиімді деп ойлаймын», - дейді Қазақстан кәрістері қауымдастығының вице-президенті.

Өзгелердің жаңалығы