Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүріп жатыр.
Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.
Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. 1 қыркүйектен бастап 612 қазақстандық қатысуға өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады - делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, өтінім бере аласыз, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.
Профильді Жеке кабинетте толтыру және электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою.
Қажетті құжаттарды жүктеу:
Жеке куәлік көшірмесі;
Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Мемлекеттік тілді меңгергені туралы Сертификат.
2021 жылғы 2 қазан мен 25 желтоқсан аралығындағы уақытта іріктеу кезеңдері өтеді.