"Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету аясында Astana IT University колледжінде бірінші курс студенттері үшін кездесу-дәріс өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты. Онда ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильиных маңызды ақпаратпен сөз сөйледі.
Кездесуде спикер өмірлік жағдайлардан мысал келтіріп, есірткі тарату мен оны қолданудың салдарын түсіндірді. Әрбір әрекеттің артында жауапкершілік тұратынын естен шығармау қажет екенін жеткізді.
2025 жылдың қаңтар айында есірткі құқық бұзушылығын жасағаны үшін 10 кәмелетке толмаған бала ұсталған. Бұл деректер жасөспірімдер және балалармен сөйлесудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған осындай дәрістер өткізуді жалғастырады, жеке жауапкершілікті сезінудің маңыздылығына және дұрыс таңдау жасау қабілетіне назар аударады.