Жастар әскерге неге сенбейді?

14 Қараша 2024, 12:47
654
Бөлісу:
Жастар әскерге неге сенбейді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенбейді деп жалпылама айтқан қате деп ойлаймын. Өйткені әр жағдайға әртүрлі қарау керек. Мысалы, видеода қашып бара жатқан жігітті білмейміз ғой. Сол уақытта қызымен кездесу керек болған шығар. Мүмкін басқа да жағдайлар болып қалған шығар. Сондықтан әр жағдайға жеке қарау керек. Жалпылама жастар Қарулы күштерге сенбейді деп айтуды қате деп санаймын, - деді ол.

БАҚ өкілдері жастарды қинап әскерге алып бару Қорғаныс министрлігінің беделіне нұқсан келтіреді деп ойламайсыз ба? деп сауалды нақтылады.

Дұрыс, келісемін. Бірақ қашып бара жатқан жас бала оны ойлап тұрған жоқ. Мүмкін таңғы 06:30-да жаттығуға шыққысы келмейтін шығар, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Өзгелердің жаңалығы