«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде Тараз қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы және Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесе «Заң және тәртіп» қағидаты аясында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу кезінде жастар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс мәселе қозғалып, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Заң бәрімізге ортақ» атты семинар-тренинг өтті.
Семинарға қатысқан спикерлер Тараз қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Бауыржан Қасымбеков, Тараз қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ директор орынбасары Ұлжан Каленова жиналғандарға арнайы тренинг өткізді.