Еліміздің жасөспірімдер құрамасы – Әлем кубогінің жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Белгілі болғандай, Манама қаласында (Бахрейн) қазақстандық шпагашылар Ғабиден Мұстафин, Нұржан Әбжанов, Кирилл Проходов және Алексей Касаткин – жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды. Соңғы екі жыл қатарынан күміс жүлде алған команда 2025 жылы тұңғыш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.
.jpg)
Матч нәтижелері:
- 1/8 финал: Үндістан құрамасын 45:35 есебімен жеңді;
- 1/4 финал: Сауд Арабиясын 45:36 есебімен ұтты;
Жартылай финал: Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді;
Финал: Франциямен болған тартысты кездесуде 44:43 есебімен жеңіске жетті.