Жасөспірімдер Азиадасы: Таеквондошы Васенкин алтын жүлдегер атанды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында кезекті алтын жүлдені ел қоржынына салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК/Арлан Олжабай 26 Қазан 2025 2025, 18:07
26 Қазан 2025 2025, 18:07
802
Фото: ҰОК/Арлан Олжабай

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында кезекті алтын жүлдені ел қоржынына салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰОК таратқан мәліметке сәйкес, жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Евгений ақтық сында өзбекстандық Асадбек Самандаровпен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Наверх