Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық екі дзюдошы алтын медаль иеленді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Азиадасында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 29 Қазан 2025 2025, 23:58
29 Қазан 2025 2025, 23:58
568
Фото: olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Азиадасында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

66 келіге дейінгі салмақта белдескен Еркен Бекәлі финалда ауған спортшысы Башир Кадириден айласын асырып, жеңімпаз атанды.

Ал Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан өкілі Милена Боруболотовамен ақтық сында күш сынасып, иппон әдісімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, екі жас балуан Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті екі алтын медаль салды.

Наверх