Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан қыздар құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол сайысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК/Арлан Олжабай 26 Қазан 2025 2025, 11:15
26 Қазан 2025 2025, 11:15
699
Фото: ҰОК/Арлан Олжабай

Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол сайысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстанмен өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде отандастарымыз 31:23 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама А тобында екінші орында тұр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы да екі медальді жеңіп алды.

Наверх