Үш жасар қызын зорлап өлтірген түркістандыққа үкім шықты

27 Тамыз 2019, 12:00
2422
Бөлісу:
Үш жасар қызын зорлап өлтірген түркістандыққа үкім шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіне қарасты Бөржар ауылының 1972 жылғы тұрғыны Серік Р.-ге қатысты сот үкімі жарияланды. 

Ол өзінің қызын аяусыз зорлап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Еске салайық, Серік. Р. 3 жасар қызын өткен жылдың қазан айында мас күйінде, зорлап, өлтірген болатын. Ол балаға 38 пышақ жарақатын салған. Сотталушы кісі өлтіргені үшін ғана кінәсін мойындады.

"Жан-жақты психиатриялық сараптама жасаған комиссия сотталушының дені сау, ешқандай ауытқушылыққа ұшырамағандығын және өз әрекеттері үшін жауап беруге қабілетті деген қорытындыға келді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы қарсы шағым түсірмек" - деп жазды "Отырар" телеарнасы.

Өзгелердің жаңалығы