Астана, baq.kz. «Ақжол – автожол» өткізу пунктінде қырғызстандық шекаралық жасақ Қырғызстаннан Қазақстанға жасанды төлқұжат арқылы өтпек болған Түркияның үш азаматын ұстады. Бұл жөнінде kabar.kg хабарлайды.
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің Қоғам және БАҚ-пен байланыс бөлімінің хабарлауынша, төлқұжат тексеруінен өту кезінде Түркия азаматтары шекарашыларға Түрік Республикасының арнайы қызметтік төлқұжаттарын ұсынған.Алайда, шекарашылар жасағы ұсынылған құжаттан ішінара жасандылық белгілерін анықтаған.
Түркия азаматтарын жіті тексеру барысында олар бұған дейін Қырғызстанға өз құжаттарымен келгенін, алайда, заңдастыру мақсатында елден жасанды құжат арқылы кетпекші болғаны анықталды. Мән-жайды толық анықтау мақсатында ұсталған азаматтар ҚР МҰҚК бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырылды.