Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жасанды интеллект медиаға жаңа талаптар жүктейді – Аида Балаева

5 Қараша 2025, 10:51
497
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жасанды интеллектіні пайдалану медиаға жаңа мүмкіндіктермен қоса, жауапкершілік пен талаптар да жүктейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзінде айтылды.

Айуынша, биылғы медиа аптаның күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі болуы да назар аударарлық.

Көптеген бағытта виртуалды жүргізушілер мен цифрлық ассистенттер құру, аударма, субтитр жасау, контентті автоматтандыру және визуализациялау үшін терең қолданылып жатыр. Бұл сала масс-медиа алдында жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, журналистерге жаңа талаптар жүктейді, - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ министр медиа апталықтың арқалайтын жүгін атап өтті.

Бүгін медиа апта аясындағы пленарлық сессиялардың бірі дәл осы тақырыпқа арналуы бәрімізде қуантып отыр. Astana Media Week аясындағы пікірталастар саланың өзекті мәселелерін шешудің конструктивті жолдарын анықтауға мүмкіндік береді деп сенемін, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы