Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жасанды интеллект диагнозды тез әрі дәл қояды – қазақстандық дәрігер профессор

Нұрқанат Атажан
24 Шілде 2025, 13:01
805
Бөлісу:
 Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Жасанды интеллект бүгінде медицинада өзінің тиімділігін дәлелдеді және оны кеңінен қолдану қажет. Бұл турады Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында “ЖИ-терапевт” сервисі сынақтан өткізіліп жатқанын хабарлаған еді. Жүйе дәрігер мен пациент арасындағы диалогты нақты уақытта талдап, алдын ала диагноз қояды. Көрсетілген дәлдігі – 80%-ға дейін.

Біз ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін пайдалануымыз керек. Біздің клиникамызда жасанды интеллект екі жылдан бері эмбриологиялық зертханада көмектесіп жүр – ол эмбриондарды таңдайды, – деді Локшин.

Оның айтуынша, алдыңғы қатарлы әлемдік зертханалардың тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық терапевт кейде диагнозды білікті дәрігерлерден де жақсы қоя алады. Алайда профессор барлық жауапкершілікті ЖИ-ге беруге болмайтынын атап өтті.

Кеңесші ретінде – иә. Бірақ соңғы шешімді адам қабылдауы керек. Себебі аурудың мыңдаған түрі бар, әр пациент – ерекше, дәрігер осының бәрін кешенді түрде ескеруі тиіс, – деді қауымдастық президенті.

Локшиннің айтуынша, кейбір елдерде ЖИ жедел жәрдем бригадаларына көмектесіп жатыр. Алгоритмдер пациенттің параметрлерін жедел талдап, емдеу тактикасын ұсынады. Ол жасанды интеллектің медицинада қазіргі заманның шындығына айналғанын, болашақта да маңызы арта түсетінін айтты. Профессор алайда әрдайым дәрігерлерді ескерусіз қалдыруға болмайтынын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін жасанды интеллект жаһанды жайлап бара жатқанын жаздық. 

Сондай-ақ, ауруды анықтайтын жасанды интеллект қаламы пайда болған еді.

Өзгелердің жаңалығы