"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек әніне жасанды интеллектінің көмегімен бейнебаян түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Ол жаңа туындысын жүктеп, сипаттамасына "Алғашқы рет жасанды интеллектпен клип" деп жазған.
Оның бейнебаяны көптің көңілінен шыққан.
"Жарайсың, досым! Тамаша шыққан! Алла тіл-көзден сақтасын", "Тарихи мәні бар клип", "Жарайсың, Айдар!", "Керемет!" – деп жазды әншінің тыңдармандары.