Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жасанды интеллект адамды емдеуге қалай қолданылады?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
18 Қыркүйек 2025, 13:49
724
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілісте өткен “Әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану” тақырыбындағы дөңгелек үстелде Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов жасанды интеллектінің денсаулық сақтау саласында қай бағыттарда қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші кезекте ЖИ-ді диагностика мен емдеуді жақсарту үшін қолдану көзделіп отыр. Бұл КТ, МРТ, ультрадыбыстық зерттеу мен ЭКГ нәтижелерін, сондай-ақ зертханалық деректерді автоматты түрде талдауға мүмкіндік береді, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, ЖИ-дің көмегімен азаматтардың жеке көрсеткіштеріне (соның ішінде генетикалық деректерге) негізделген дербестендірілген терапияны таңдау, ауруларды алдын ала болжау және тиімді дәрі-дәрмек ұсыну мүмкіндігі артады.

Сонымен қатар ЖИ жаңа дәрілік заттар мен терапиялық шешімдерді әзірлеуде, медициналық ұйымдардың жұмысын оңтайландыруда, медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруда, деректерді талдау мен өңдеуде тиімді құралға айналмақ.

ЖИ шешімдерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін ДДСҰ-ның ұсынымдарына сай халықаралық 9 деңгейлік классификация қолданылады. 1-5 деңгей – зерттеу және пилоттық кезең, 6-9 – клиникалық тәжірибеге енгізуге дайын шешімдер, – деп нақтылады Оспанов.

Өзгелердің жаңалығы