Жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады – Тоқаев

8 Желтоқсан 2021, 12:09
1522
Бөлісу:
Жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарын құттықтау барысында айтты.

Сіздер дарынды адамсыздар, сондықтан гранттарыңыз құтты болсын! Сіздерге өз жобаларыңызды әске асыруға жақсы мүмкіндік беріліп отыр. Қазақта «талаптыға жол бер» деген нақыл сөз бар. Мемлекет жастардың талабын қолдауға барынша жағдай жасап жатыр. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін сіздер көресіздер деп ойлаймын. Жақында Елбасы жастарға арналған терең, мағыналы үндеуін жолдады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өскелең ұрпақ үмітті сөзсіз ақтайтынын айтты.

Сол үшін әрбір жас бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіруі керек. Әрдайым білімге құштар, еңбекқор болуы қажет. Жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады. Мен сендерді болашақта кәсіби маман, өз ісінің нағыз майталманы болатындарыңа сенемін. Баршаңызға денсаулық, толағай табыс тілмеймін, - деді Президент өз құттықтауында.

Мемлекет басшысы жастардың жолын ашуға жағдай жасалып жатқанын айтты.

Білім мен темперамент, жаңашылдыққа ұмтылу бойынша сендер белгілі бір деңгейде біздің ұрпақты басып оздыңдар. Ең үлкен жол әлі алда. Біздің міндетіміз - сол жолды ашып беру. Біз оны жасап жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы