Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
19 қаңтарда Алматы қаласында 18 жастағы тұрғын ұсталды, оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасаған бейнежазба, ұрланған заттар аясында «селфи» және ең сорақысы көшеде бір полиция қызметкерін топ болып қатыгез ұрып-соғуға қатысуы табылды, - деді Әділов.
Ол атағандай, бұл бейнежазбалардың барлығын күдіктінің өзі жасаған.
Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Мұндай фактілер көп, - дейді Санжар Әділов.