Жас жігіт жұмысқа бара жатып, кенеттен 266 миллион теңгеге байып кетті

19 жастағы жігіт жұмысқа бара жатқан жолда күтпеген жерден 266 миллион теңгеден астам ұтып алды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 18:03
Бүгiн 2026, 18:03
98
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын 19 жастағы жігіт лотереядан 533 мың доллар (шамамен 266 миллион теңге) ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ UPI агенттігіне сілтеме жасап.

Жас жігіт жұмысқа бара жатқан жолда жанармай құю бекетіне тоқтап, Fast Cash лотереясының билетін сатып алған. Қорғаныш қабатын сүртіп тастағаннан кейін ол ірі көлемдегі ұтысқа ие болғанын көреді. Алайда алғашында өз бақытына бірден сене қоймаған.

Анамда Мичиган лотереясының қосымшасы бар. Джекпот ұтқанымды көргенде, билет шын екенін тексеру үшін одан қарап беруін өтіндім, – дейді ол.

Ұтыс сомасын нақты көрген сәтте жігіт анасымен бірге қуаныштан секіріп кеткен. Ол қомақты қаржыны бірден жұмсамай, болашаққа сақтап қоюды жоспарлап отыр.

Наверх