Жас ұстаздар форумы өтті

3 Қараша 2022, 17:45
2371
Бөлісу:
Жас ұстаздар форумы өтті
Фото: автордан

Атырауда «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өтті, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Атырау қаласындағы филиалы ұйымдастырған іс-шараға облыстың 150 педагогы қатысты.

Форумның ашылу салтанатына Облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Манапқызы арнайы барып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бізде өңірлік ұстаздарға арналған форумның екінші кезеңі өтіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты анық. Оның маңызы өте зор. Қазіргі кезде әлемдік білім тенденциясына сәйкес болу үшін ұстаздарымызға артылар жауапкершілік пен жүк үлкен. Оған сай болу үшін ұстаздардың білімін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Оларға бұл тұрғыда қолдау білдіріп, демеу беруде осы шараның маңызы зор деп білемін,- дейді Г.Сәдуақасова. 

Мұғалімдер ең алдымен «Біз бір командамыз» тренингіне қатысты. Кейін сурет салу, ұлттық аспаптарда ойнау және хореографиялық өнерін көрсетуден жарысты. 

Педагогтар түрлі спикерлермен кездесіп, әртүрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Спикерлердің ішінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Асхат Чукуров, Танымал психолог  Әнуар Жұмабайұлы және блогер, экология жанашыры Арман Хайруллин де болды. Мәселен психологтар эмоционалды интеллект тақырыбында тренинг өткізді. Теориялық дәріс қызықты практикалық тапсырмалармен жалғасты. 

Ұстаздар өз шәкірттерімен оңай тіл табысу үшін ең әуелі өз моцисын түсініп, оны басқара алуы қажет. Оқу процесінде ғана емес, күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста да қажетті дағдылар, зор маңызға ие, - дейді психолог Радмира Муханова.

Ұстаздар форумнан ерекше әсер алып, мұндай іс-шаралар жиі өткізілсе деген тілекте.

Бүгінгі шеберлік дәрісінен өзіме көп тың ақпарат алдым. Спикерлердің бәрі мықты. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік, - дейді қатысушылардың бірі Алтынгүл Биханқызы.

Айта кетейік, Атыраудағы NIS оқушыларының көлеңкелі театры ұсынған қойылым да жиылғандарға ерекше әсер сыйлады. 

Өзгелердің жаңалығы